Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР ҚАӨМ делегациясы Иорданияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені жұмысымен танысты

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делагациясы Иорданияға жұмыс сапары барысында  Абдолла ІІ королі (KADDB) атындағы жобалау және дамыту Бюросы орналасқан арнайы экономикалық аймаққа барды.

KADDB Директорлар Кеңесінің төрағасы Атеф аль-Таломмен кездесу кезінде  қазақстандық өкілдерге заманауи әскери техникалар, сондай-ақ, әскери мақсаттағы басқа да өнімдер көрсетілді.

Бүгінгі күні KADDB компаниясы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ мен  «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС серіктестік туралы келісімге ие.

Анықтама: Абдолла ІІ королі (KADDB) атындағы жобалау және дамыту Бюросы әскери техникалар мен әбзелдердің озық үлгілерін сынақтамадан өткізумен және оларды әзірлеумен, енгізумен айналысады. KADDB ең перспективті үлгілерді жобалау мен әзірлеуге тапсырыс беретін әскери-инвестициялық құрылым ретінде де, қарулы жүйе ретінде де қарастырылады.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Кері қайту