Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ҚАИ» ЖШС мен «Honeywell International» корпорациясы өзара түсіністік және ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Қазақстандық авиация индустриясы» («ҚАИ» ЖШС) мен «Honeywell International» корпорациясы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. 

Меморандумға сәйкес екі тарап арасында мынандай бағыттар бойынша ынтымақтастық жоспарланып отыр:

қауіпсіздік, авионикины модернизациялау мен жаңарту;
жеке әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету;
борттық жүйені бірлесіп орналастыру.

«ҚАИ» ЖШС Бас директоры Қуат Сұлтанбеков пен «Honeywell» корпорациясының жоғары қарқынмен өсуінің аймақ бойынша Президенті Шейн Теджарати  өздерінің қол қоюуымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумды нығайта түсті.

Анықтама:

Honeywell — басқару және автоматтандырудың электрондық жүйесін өндіретін американдық корпорация.

Негізгі бағыттары — аэроғарыш құралдары,  ғимараттарды пайдалану және өндірістік ғимараттарды үшін технологиялар, автомобиль құралдары, турбиналық компрессорлар. Штаб-пәтер Морристаунда орналасқан (АҚШ, Нью-Джерси шататы).

Авиация және ғарыш үшін жүйе бөлшектерінің негізгі бағыттары – авиациялық қозғалқыштарды, құралдарды, транспорттық, жергілікті, азаматтық және әскери авиация үшін түрлі жүйелер мен техникалық қызмет болып табылады.

Сонымен қатар, «Honeywell» корпорациясы көптеген өнімдерді өндірушіден тұтынушыға жеткізу, материалдық-техникалық жабдықтау және техникалық қызмет көрсету сияқты қосымша қызметтерді (оның ішінде, ұшақтарды жөндеу және қайта жабдықтау) ұсынады.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Кері қайту