Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«КАЕ» ЖШС ҚР Қарулы күштеріне электронды-оптикалық аспаптар жеткізді

Электронды-оптикалық өнімдер шығаратын қазақстандық «КАЕ»  зауыты 2017 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысын (МҚТ) уақтылы және толық  көлемде  орындады.

Кәсіпорын МҚТ орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне түнде көру аспаптары мен көздеуіштер жиынын жеткізді.

Электронды-оптикалық аспаптар тиісті сынақтардан өтті және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы шарттың талаптарына сәйкес қабылданған болатын.

«KAE» ЖШС-мен өндірілетін түнде көру аспаптары мен көздеуіштері Қазақстан  Республикасы Қарулы күштерінің  бөлімшелерімен тапсырмалар орындау үшін қажетті талаптарға сай келеді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «КАЕ» ЖШС-і түнде көру аспаптарын, жылувизиялық көздеуіштерді, электронды платалар мен оптикалық линзалар өндіруге мамандандырылған. Кәсіпорынның өнімдері бүгінгі күні қазақстандық әскерлерде кеңінен қолданылады және шетелге экспортталады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Кері қайту