«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 22 қарашадағы шешімімен Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Вадим Шақшақбаевтың, Басқарма мүшесі, басқарушы директоры Мәдина Мұқышеваның, Басқарма мүшесі, басқарушы директоры Кенжебай Сәтжановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Осы шешіммен Басқарма құрамына, Басқарма төрағасының орынбасары ретінде Дәулет Бақберген және Басқарма төрағасының орынбасары ретінде Мәдина Мұқышева тағайындалды.
Осылайша, Басқарма құрамы төрт адамнан құрылды:
Басқарма төрағасы - Орман Кәрімұлы Нұрбаев;
Басқарма төрағасының орынбасары - Сая Найманбайқызы Мыңшәріпова;
Басқарма төрағасының орынбасары - Дәулет Бақбергенұлы Бақберген;
Басқарма төрағасының орынбасары - Мәдина Шериязданқызы Мұқышева.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер