Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Астанаға жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін Рессейден EС145 тікұшағы келді

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының  құрамына  кіретін «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС Ресей Федерациясынан келген EС145 тікұшағының техникалық инспекциясын (ірі формасы) орындауға ниетті.

Әуе борты, ТМД аумағында EС145 тікұшақтарын құрастыру және қызмет көрсететін жалғыз зауыт орналаскан Астанаға екі апта  ұшып келді. Ұшу қашықтығы 5500 км. құрады.

Техникалық жұмыстарды орындау мерзімі екі айға жуық уақытты алады. Бұл осы ұшақтың алғашқы ұшып өтуі емес. Алдыңғы техникалық қызмет көрсетулерін тікұшақ осы жерде өтті.  Онда жұмысты сәтті аяқтағаннан кейін, ЕКҚИ мамандары тапсырыс берушінің базасы тұрған жерге қосымша техникалық қолдау көрсету үшін шақырылған болатын.

Қазақстандық кәсіпорынның Ресейдің азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті органымен берілген авиациялық техникаға қызмет көрсету және жөндеу бойынша ұйымның сертификаты бар.

ЕКҚИ тікұшақтарына техникалық қызмет көрсету және ұшу-техникалық құрамын оқыту бойынша экспорт қызметтерін 2016 жылдан бастап  көрсетіп келеді. 

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі


Кері қайту