«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрамына кіретін «Семей инжиниринг» АҚ ағымдағы жылы броньдалған танк техникасына арналған жиынтықтаушылар мен құрастыру бірліктерінің 800 атауының өндірісін іске қосты.
Осылайша, кәсіпорында Т-72 танкінің, ЖӘСК мен БТР күштік қондырғыларына арналған құбыржолдарын, бекіту бұйымдарын, корпус бөлшектерін, броньдалған танк техникасының агрегаттары мен тораптарына арналған әртүрлі жиынтықтаушыларды әзірлеу игерілді.
Келесі жылға Т-72, ЖӘСК-2 және БТР-80 арналған жиынтықтаушылар мен құрастыру бірліктері өндірісінің көлемін 1700 атауға дейін арттыру жоспарланған.
Сонымен қатар, Семей инжиниринг «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарымен және басқада отандық компаниялармен бірлесе отырып жиынтықтаушылар мен құрастыру бірліктерінің 500-ден астам элементтерін шығарады.
«Семей инжиниринг» АҚ – бұл броньдалған танк техникасы мен қару-жарақты жөндеу мен жаңғыртудың, қызмет көрсетудің барлық түрлеріне мамандандырылған, сондай-ақ, азаматтық бағыттағы техника мен конверсиялық техниканы жасап шығаруға мүмкіндігі бар Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі
Семей инжиниринг броньдалған танкі техникасына арналған жиынтықтаушылар өндірісін екі есе арттыруды жоспарлап отыр