Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚИ 811 автожөндеу зауыты Қарулы күштері үшін ЖБ-КТ жөндеді

«Қазақстан инжиниринг 811 автожөндеу зауыты» АҚ ағымдағы жылы Қазақстан әскерінің қаруландыруында тұрған жеңіл бронды көп мақсатты тартқыштардың (ЖБ-КТ) күрделі жөндеуін аяқтады.

Бронды транспортердің ресурсын қалпына келтіруге бағытталған күрделі жөндеуге 30 бірлік техника жатты.

Жұмыстар корпустардың күрделі жөндеуінен, жүру бөлшектерінен, тетіктер мен аспаптарды ауыстырудан, сондай-ақ сырлаудан тұрды.

ЖБ-КТ жөндеуін жүргізгеннен кейін тиісті сынақтар өтті. Тартқыштар одан кейін тамыз айында Қазақстанда өткізілген 2017 жылғы халықаралық әскери ойындар барысында әскери қызметшілермен пайдаланылды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ автокөлік және шынжыр табан техникасын күрделі жөндеуге, әскери техниканы жаңғыртуға, өрт сөндіру автоцистернасын өндіруге, күрделі жөндеуге және жаңғыртуға мамандандырылған.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі


Кері қайту