Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
О.Нұрбаев «KAE» ЖШС Бақылаулық кеңесінің Төрағасы болып сайланды

«KAE» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілді.

Іс-шараның күн тәртібінде кәсіпорынның Бақылаулық кеңесінің Төрағасын тағайындалу туралы мәселесі қарастырылды.

Жалпы жиналыс шешімімен «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының  Басқарма төрағасы Орман Нұрбаев Кеңес төрағасы болып сайланды.

Тағайындау салтанатынан кейін - «KAE» ЖШС бас директоры Тарық Зия Кабоглуның кәсіпорынның қызметі туралы есебі тыңдалған Бақылаулық кеңестің отырысы өтті.

«КАЕ» ЖШС-і («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшесі) түнде көру аспаптарын, жылувизиялық көздеуіштер, электронды платтар мен оптикалық линзаларды өндіруге маманданған. 

Кәсіпорынның өнімдері бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелерінде кеңінен қолданылады.

«KAE» ЖШС баспасөз-қызметі


Кері қайту