«Қазақстан инжиниринг» ҰК »АҚ басқарма төрағасы Орман Нұрбаев бүгін Ташкентте өткен қазақ-өзбек бизнес форумында ұлттық компанияның қызметімен таныстырды.
О.Нұрбаев іс-шараға қатысушыларға ұлттық компанияның миссиясы, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобалары туралы айтып берді.
«Қазақстан инжиниринг» басшысы компания тобының өндірістік кәсіпорындарының өнімдері ішкі нарыққа да, экспортқа да бағытталғанын атап өтті. Бизнес-форум қонақтары оның қазақстандық тауарлар көрмесіндегі кейбір пікірлерімен таныса алды.
Басқарма төрағасы үстіміздегі жылы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Өзбекстан делегациясы әскери-өнеркәсіптік кешеннің бірқатар қазақстандық кәсіпорындарын аралап, олардың жұмысымен танысқанын еске салды.
О.Нұрбаев біздің мемлекеттеріміздің басшыларының ынтымақтастықты дамытуға берген серпіні, қалыптасқан құқықтық база әскери-техникалық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бағдарламасын қалыптастыруда өзіндік катализатор ретінде қызмет ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар ол өзбек тарапының өкілдеріне көрмені ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.