Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ministry Logo
Мәзір
Мемлекет басшысы қазақстандық компаниялардың көрмесін аралап көрді

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге «Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» атты өнеркәсіп көрмесін аралап көрді. Онда мемлекеттер басшылары қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.

Көрмеде әскери-техника, авиация, фармацевтика, тоқыма өндірісі, құрылыс, сондай-ақ машина жасау, автомобиль құрастыру және ІТ салаларындағы қазақстандық 50-ден астам ірі компаниялардың экспортқа арналған өнімдері қойылған.

Көрменің негізгі мақсаты – екі мемлекеттің компаниялары арасында орнықты байланыстар орнатуға көмектесіп, бірлескен сауда және инвестициялық жаңа жобаларды іске асыруға қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты


Кері қайту