«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы мен «Узмахсусимпекс» мемлекеттік кәсіпорны ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа Ташкентте екі мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін қазақ-өзбек бизнес-форумы қарсаңында қол қойылды.
Жұма күні Ташкентте «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына кіретін кәсіпорындардың заманауи қару-жарақ түрлері мен әскери техникаларын ұсынатын қазақстандық тауарлардың көрмесі басталды.
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов бастаған Өзбекстанның ресми делегациясы «Қазақстан инжиниринг» ҰК »АҚ стендінің қонағы болды. Оның құрамына премьер-министрдің орынбасары Нодир Отажонов, сонымен қатар Ташкенттің бірқатар ірі кәсіпорындарының басшылары кірді.
Ұлттық компанияның басқарма төрағасы О.Нұрбаев оларды ұсынылған өнімдермен таныстырды, қазақстандық зауыттардың соңғы жаңалықтары туралы айтып берді. Өзбек тарапының өкілдері «Қазақстан инжиниринг» ҰК «АҚ экспозициясын жоғары бағалады.
Өз кезегінде О.Нұрбаев бастаған делегация «Узагросаноатмашхолдингтің» құрамына кіретін «Технолог» зауытында болды. «Технолог» АҚ - Өзбекстандағы арнайы технологиялық және стандартталмаған жабдықтарды, арнайы автоматты желілерді, технологиялық жабдықтарды жобалау, өндіру және іске қосу бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын жалғыз кәсіпорын болып саналады.
«СҚ Қазақстан инжиниринг» АҚ баспасөз қызметі
«Қазақстан инжиниринг» және «Узмахсусимпекс» меморандумға қол қойды