Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан мен Сербияның қорғаныс кәсіпорындары ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін қазақстандық қорғаныс кәсіпорындары серб әріптестеріне қару-жарақты жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды ұсынуға дайын.

«КАЕ» ЖШС, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның басшылары осы елдің қорғаныс министрі Александр Вулинмен кездесуде жетекші серб компанияларымен ынтымақтасуға ниеті туралы мәлімдеді.

А.Вулин бастаған Сербияның ресми делегациясы бүгін Астанада екі зауытқа барды: қорғаныстық электронды-оптикалық өнімдер шығаратын («КАЕ» ЖШС)  және брондалған доңғалақты машина өндіретін («ҚПИ» ЖШС ).

«KAE» ЖШС бас директорының орынбасары Әбүйір Алшымбаев қонақтарды кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Делегация зауытпен шығарылатын түрлі радиостансалардың үлгілерін,  жылувизиялық көздеуіштерді  қарап өтті. Оларға түнде көру аспаптарының, электронды тақталардың тестілеу кезеңдері көрсетілді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ экспортты және халықаралық ынтымақтастықты дамыту департаментінің директоры Марат Жәнікеев сербиялық тарапқа ұлттық компанияның құрамына кіретін кәсіпорындардың экспорттық әлеуеті туралы әңгімелеп берді.

«Қазақстан Парамонт Инжиниринг» ЖШС бас директоры Ербол Сәлімов делегацияны іске асырылып жатқан жобалар туралы хабардар етті, сондай-ақ зауыттың өндірістік мүмкіндіктерін ұсынды.

Сербияның Қорғаныс министрінің айтуынша, Қазақстан мен Сербияның қорғаныс кәсіпорындары ықтимал өзара әрекеттестік үшін бірқатар бағыттары бар. Осыған байланысты, жақын арада тараптар өздерінің сарапшыларын ынтымақтастықтың келесі сатыларын  нақтылау үшін жібереді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі

Кері қайту