Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ministry Logo
Мәзір
ҚР ҚАӨМ басшылығы шет елдердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді

«Армия-2017» Халықаралық әскери-техникалық форум шеңберінде қазақстандық делегация Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың басшылығымен шет мемлекеттердің қорғаныс өнеркәсібі кешені өкілдерімен келіссөздер өткізді.

Атап айтқанда, Қазақстандық делегация басшылары РФ әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша Федералдық қызметінің директорының орынбасары Владимир Дрожжовыймен кездесті. Әңгіме барысында қорғаныс өнеркәсібі кешені саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде сұхбат талқыланды.

Бұдан басқа, форум шеңберінде ҚР делегациясы  «Вертолеты России» АҚбасшыларымен кездесу өткізді, онда тараптар Қазақстанда құрастыру өндірісін ұйымдастыруға қатысты мәселені талқылады.

Қазақстан өкілдерінің өкілдерінің келіссөздері «Концерн «Калашников» АҚ Бас директоры Алексей Криворучкомен өтті, оның ішінде қазіргі заманғы қару-жарақ саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары қарастырылды.

Бұдан әрі ҚР ҚАӨМ өкілдері Сербия Қорғаныс министрлігі делегацисымен және Беларусияның мемлекеттік әскери өнеркәсіптік комитетінің басшыларымен келіссөздер өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықтың нақты бағыттары анықталды.

Сонымен қатар қазақстандық делегация зенит-зымыранды және радиолокациялық жабдықтарды және оның компоненттерін жасауға, өндіруге және жаңғыртуға маманданатын ресейлік «Алмаз-Антей» ВКО концерні» АҚ кәсіпорнының басшылығымен кездесті.

Бұдан басқа, қазақстандық делегация «Калашников» концерні» АҚ өндіретін атыс қаруының заманауи үлгілерімен танысты, сондай-ақ демонстрациялық атыстарға қатысты. 

Өз кезегінде Армия-2017 форумында Қазақстанның ұлттық көрме павильонына Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу кіріп шықты: Ресей Қорғаныс министрлігінің басшысы қазақстандық қорғаныс –өнеркәсіп кешені кәсіпорындары ұсынған әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдермен танысты.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 22-27 тамыз аралығында Мәскеу облысы Кубинка қ. «Армия-2017» III Халықаралық әскери-техникалық форумы өтіп жатыр, онда Қазақстан Республикасынан 10 астам қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорындары қатысты.

Ұлттық көрме экспозициясын «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ және «Семей инжиниринг» АҚ ұсынды. Бұдан басқа, көрмеде ҚР ҚАӨМ «Казспецэкспорт» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «405 әуежөндеу зауыты» АҚ сияқты Қазақстандық кәсіпорындар, сондай-ақ басқа да бірқатар жекеменшік қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорындары көрсетілді. 

Көлемі 200 шаршы метрден астам стендтерде отандық компаниялар 60-тан астам заттай үлгілер менәскери және қосарланған мақсаттағы макеттер бұйымдарын көрсетті.


Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Кері қайту