Ресей Федерациясының (Кубинка қаласы, Мәскеу облысы) 22-27 тамыз аралығында өтетің «Армия-2017» III Халықаралық әскери-техникалық форумында қазақстандық қатысушылардың саны артады.
Биыл Қазақстанның ұлттық көрмелік экспозициясында Республикамыздың Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығымен әскери-өнеркәсіптік кешенінің он кәсіпорынын таныстырады.
«Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы 4 кәсіпорынмен таныстырылатын болады: «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Тыныс» АҚ және «Семей инжиниринг» АҚ.
200 шаршы метрден артық аумақты алатын стендтте отандық зауыттар әскери және қосарлы мақсаттағы бұйымдардың макетін және 60 бұйымның үлгілерін қояды.
«Армия-2017» көрмесінде Қазақстандық кәсіпорындарға экспортты мемлекеттік қолдау шеңберіндегі көмекті, осы жылдың мамыр айында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ -мен жасалған келісім шеңберінде «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ» көрсетеді.
Өткен жылы «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ басшылығымен алты қазақстандық компания алғаш рет «Армия-2016» форумына қатысты. Кәсіпорын басшылары Ресейден, Белоруссиядан, Үндістаннан келген әріптестерімен іскерлік кездесулер өткізді және бірталай келісім шарттар жасасты.