Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының бірқатар басшыларының өзгеруі

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Ұлттық компанияның кейбір еншілес ұйымдары директорларының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Осылай, «Тыныс» АҚ бас директоры Қуаныш Рысбаевтың және «Семей инжиниринг» АҚ бас директоры Мейрамхат Айнабековтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Тыныс» АҚ жаңа басшысы болып Қайрат Қалманбаев, «Семей инжиниринг» АҚ - Талғат Тұрлыбаев тағайындалды.

Тағайындауға дейін Талғат Турлыбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының» президенті, Қайрат Қалманбаев «РОП операторы» ЖШС-і бас директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ баспасөз-қызметі

Кері қайту