Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«KAZAKH INVEST» және «Қазақстан инжиниринг» экспортқа шығарылатын жоғары технологиялық өнімдері бірлесіп алға жылжыту туралы меморандумға қол қойды

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компания» АҚ мен «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компания» АҚ Қазақстанда экспортқа шығару үшін өндірілген жоғары технологиялық өнімдерді алға жылжыту туралы келісті. 23 мамырда KAZAKH INVEST Басқарма Төрағасының Орынбасары Мейржан Майкенов пен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Вадим Шакшакбаев тиісті меморандумға қол қойды.

«Біз өз қызметіміз шеңберінде машина жасау саласындағы тауарларды шет елге өткізу бойынша кешенді қолдауды көрсетуді жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылғы тамыз айының соңында Ресей Федерациясында өтетін мамандандырылған халықаралық әскери-техникалық «АРМИЯ-2017» көрмесінде Қазақстан инжиниринг құрамына кіретін жеті ірі кәсіпорынның таныстырылымын ұйымдастырамыз», - деді М. Майкенов.

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясымен серіктестік Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының өнімдерін халықаралық нарықтарға шығару үшін қажетті экспортқа мемлекеттік қолдау көрсету құралдарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады», - деп атап өтті өз кезегінде В. Шакшакбаев.

Тараптар халықаралық сауда мәселелері жөнінде өзара әрекеттестікті дамытып, шетелде әр түрлі іс-шаралар өткізуде ақпараттық қолдау көрсетуді көздеп отыр.

KAZAKH INVEST соңғы бірнеше жыл бойы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ бірқатар кәсіпорындарының, атап айтқанда «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС және «Тыныс» АҚ-ның өнімдерін экспорттыққа шығару бойынша жұмыстар жүргізіп келеді.

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компания» АҚ* Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің құрылымына кіреді. Шикізаттық емес экспортты дамыту және жылжыту жүйесінің ұлттық операторы, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тарту және олармен жұмыс істеу бойынша мамандандырылған мемлекеттік компания болып табылады. «KAZAKH INVEST» республикалық бюджеттен қаржыландырылып, өз қызметтерін ақысыз негізде көрсетеді.

*Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.03.2017ж. № 100 қаулысына сәйкес «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» Акционерлік қоғамы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компания» АҚ құрамына 26 өндірістік және өзге де кәсіпорындар кіретін холдингілік құрылым болып табылады. Компания республикасының ірі әскери кәсіпорындардағы бірыңғай қаржылық, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз етеді. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері табылады, компания Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сенімдік басқаруына жатады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту