Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі М. Нұрғожиннің Малайзияға сапары жөнінде

Ү.ж. 20-22 наурызда Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі М.Нұрғожин Малайзияға жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында, 20 наурыз күні М.Нұрғожин Малайзияның Қарулы күштер қорының Бас атқарушы директоры Л.В.Камаруддинмен кездесу өткізді. Аталған қор Қорғаныс күштері ардагерлері мен олардың отбасына әлеуметтік және құқықтық қолдау (әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, емдеу, денсаулық сақтау көмектері, мәдени-сауық, қаржылай қолдаулар, сауда операцияларын өткізу) көрсетуге жауапты үкіметтік мекеме болып табылады. Кездесу барысында, М. Нұрғожин Қазақстан Республикасының әскери әлеуметтік көмек көрсету механизмдерін жетілдіру барысында LTAT тәжірибесіне үлкен қызығушылық туғызып отырғанын атап өтті.

Бұған қоса, аталған күні, Вице-министр Малайзияның Ғылым, технология және инновация министрлігінің Бас хатшысының орынбасары Р. Дабулмен, «CyberSecurity Malaysia» Ұлттық агенттігінің аға вице-президенті М.Шамирмен және «ANGKASA» Ұлттық ғарыш агенттігінің департаментінің директоры М.Исмаилмен кездесу өткізді.

Р. Дабул аэроғарыш саласындағы және киберқылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне назар аударды. Кездесу қорытындысында, тараптар екі елдің ұлттық компаниялары арасындағы байланысты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Малайзияның «ANGKASA» Ұлттық ғарыш агенттігі арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қоюға келісті.

Ү.ж. 21-22 наурызда Қазақстандық делегация Лангкави аралында өткен 14 Халықаралық авиациалық-ғарыштық және әскери-теңіз техникаларының көрмесіне (LIMA-2017) алғашқы рет қатысты.

Анықтама: LIMA Азия-Тынық мұхиты ауданында Малайзия Қорғаныс министрлігінің қолдауымен 1991 жылдан бері екі жылда бір мәрте ұйымдастырылатын әскери техникалардың ең ірі көрмесі. Көрменің тақырыбы: азаматтық және әскери әуе авиация, гуманитарлық көмекке қатысу, табиғи апаттардың зардаптарын жою, авиациялық техникаларды жөндеу және жаңғырту бағдарламалары, жоғары дәлдікті қаруларды басқару жүйесі, авиациялық және теңіз қарулары, су асты жұмыстарытехникасы және жарақтары, техникалық барлау құрылғылары, рұқсатнаманы бақылау жүйесі, дайындық және оқу бағдарламалары. Осы жылы көрмеге 38 мемлекеттен 550 компания қатысты.

Ү.ж. 21 наурызда «LIMA-2017» көрмесіне қатысу барысында, Малайзияның Қорғаныс министрі Х.Хусейнмен кездесу өтті. Кездесу барысында әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық орнату мәселесі талқыланды. Келіссөздер қорытындысында, Малайзияның қорғаныс министрі аэроғарыш саласындағы ынтымақтастыққа, «Қазақстан инжиниринг» өнімдеріне қызығушылық танытқаны жеткізді. Бұған қоса, Министр Қазақстандық өнімдерін АСЕАН мүше елдерінің нарығына шығаруда аймақтық хаб бола алатындығын жеткізді.

Тараптар кездесу қорытындысы бойынша ниеттер туралы хатқа қол қойды, оның шеңберінде әскери-техника саласында кооперацияны кеңейту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтарын құру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, көрме барысында Судан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс министрі Али Мохаммед Салыммен, Вьетнам Социалистік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Пхан Ван Гиангпен және Индонезия мен Беларусь Республикалар делегацияларының басшыларымен кездесулер өтті.

Беларусиялық тараппен кездесу қорытындысында, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «Белспецвнештехника» ГПТУП арасында бронетехикаға арналған оптико-электронды өнімдер шығару, сондай-ақ технологияларды беру және мамандарды оқытуына қызмет көрсету мақсатында ынтымақтастық пен өзара келісім туралы меморандумына қолқойылды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі

Кері қайту