Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Компанияның Басқарма төрағасы әйелдер ұжымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысов компанияның әйелдер ұжымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Компания басшысы нәзік жандардың еліміздің қорғаныс қабілеттігін нығайтуда ер азаматтармен қатар өз үлесетерін қосуда екенін атап өтті. Ұжымда әйелдердің болуы компаниядағы ер азаматтарды тәртіпке салады. Одан өзге, әйелдер табысты еңбек етумен қатар, отбасының ұйытқысы болуды да ұштастырып үлгереді. Олар әлдеқайда жауапты, тұрлаулы, ұстамды.

Әйелдер ұжымына бірлескен сапалы жұмыстары үшін алғыс айтып, Е.Ыдырысов оларға мықты денсаулық, береке-бірлік және кәсіби табыс тіледі.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту