Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Асқар Мамин қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын аралады

«Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС аралау барысында А. Маминге Airbus Military C-295, Ан 26, Ан 72, Ан 74 сияқты авиациялық техниканы жасау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сатуға мамандандырылған кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды. Мұнда әскери мақсаттағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру және шығару ретке келтірілген, Қазақстанның Әскери-әуе күштері техникасы – СУ 25, СУ 27, СУ 30-ға қызмет көрсету және жөндеу, жеңілмоторлы ұшақтарды құрастыру және сервис жүргізіледі.  

«Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС кәсіпорнында «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е. Ыдырысов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Маминге тікұшақ техникасын жасауға, құрастыруға, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және сатуға мамандандырылған кәсіпорынның жұмысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта мұнда «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР Қорғаныс министрлігіне арнап 26 тікұшақ құрастырылған. Тікұшақ техникасын шығаратын зауыт жанында авиациялық оқу орталығы жұмыс жасайды, онда Қазақстаннан, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядан мамандар келіп оқиды.

Сонымен қоса А. Мамин брондалған дөңгелекті машиналар мен заманауи броньтранспортерлар шығаратын «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-нде болды. Кәсіпорын ҚР қарулы күштерін алдыңғы қатарлы техникамен толық қамтамасыз етуге, өндірісті барынша оқшаулауға және өнімді халықаралық нарықтарға экспорттауға  бағытталған.

Өндірістің барлық технологиялық үдерісі игерілген, инженерлік-техникалық құрам қалыптастырылған, тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін тұтастай қанағаттандырудың конструкторлық бюросы құрылған.

Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің тағы бір нысаны - «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС. Мұнда А. Маминді ҚР ҚК қорғаныс қабілетін арттыруға байланысты «Жол картасын» іске асыру барысы туралы, жаңа техника мен қаруландырудың тәжірибелі үлгілерін құру мен жаңғырту жұмыстары туралы ақпараттандырды. 

Сапар қорытындысы бойынша, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин Қазақстанда өндірілген әскери техниканың экспорттық әлеуетін одан әрі арттыру жұмыстарына баса назар аударуды тапсырды.

Қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарын жаңғыртуға қатысты шараларды өткізу, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарын барынша жүктеу қажеттігі туралы айтылды. Бұдан өзге, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту мен тәжірибелік-конструкторлық бюроны құру міндетін жандандыруды тапсырды.

Веб-сайта «Премьер-Министра РК»

Кері қайту