«ПАМЖЗ» АҚ 2017 жылдың басында «Tengizchevroil» ЖШС-нің «Кешенді технологиялық желісінде температураның маусымдық ауытқуын азайту» жобасы бойынша жылу алмастыру аппараттарын жеткізуге «KPJV» компаниясымен 800 мың АҚШ долларына жуық сомаға келісімшартты сәтті орындады.
«ПАМЖЗ» АҚ, «Tengizchevroil» компаниясымен ынтымақтастығы 2004 жылдан басталған, «Екінші буын зауыты құрылысының жобасын» жүзеге асыратын ТШО бас мердігері «PFD» компаниясымен жылу алмастыру жабдықтарын жеткізуге бірінші шарт жасалған болатын.
«KPJV» техникалық тапсырмасы бойынша жылуалмастырғыштардың бұрын дайындалған түрлерін және жаңа – күкіртті сутегі бар арнайы ортада жұмыс істейтін жылу алмастырғыштар жобаланған және жасап шығарылған. Бұл кәсіпорын мамандарына агрессивті орталарда қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жобалауда және жасап шығаруда қажетті тәжірибені алуға және өндіріс жабдықтарының атауларын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Келісім-шарт жасасқаннан кейін барлық жұмыстар тапсырыс берушілер - «KPJV», «Tengizchevroil» компаниялары инспекторларының және үшінші тараптың тәуелсіз инспекторының көзінше «ПАМЖЗ» АҚ – да өткізілді.
«ПАМЖЗ» АҚ шетел компанияларының осындай жобаларына қатысу шеңберінде, кәсіпорын жалпы сомасы 6 млн. АҚШ долларына өнім дайындап шығарды.
Осындай тәжірибе «ПАМЖЗ» АҚ келешекте өндірістің жаңа деңгейіне шығуға және өз әлеуетін осы бағыт бойынша ТШО «Келешекте кеңейту жобасында» барынша толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні зауыт өнеркәсіптің мұнай өндіру, мұнай өңдеу, мұнайхимиялық, энергетикалық және темір жол салалары үшін техниканы және жабдықтарды шығару бойынша республиканың жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылады.
«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ 2016 жылы өндірістік қызметінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті.