Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС «Арлан» БДМ тапсыру туралы міндеттерін толығымен орындады

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС өз өндірісіндегі қазақстандық әскерді қаруландыруға бағытталған «Арлан» броньды дөңгелекті машиналарын тапсыру туралы міндеттерін табысты орындады.

«Арландар» Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімшелеріне жеткізілді. Машиналарды тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорын қызметкерлері бөлімшелердің жеке құрамын оқытып шықты.

Көпмақсаттағы «Арлан» броньды машинасын шығару кезінде қазақстандық мамандар кәсіпорынның конструкторлық бюросында отандық қарулы күштердің талаптары мен ұсынысын есепке ала отырып өңдеп және өте аз мерзім ішінде толығымен жеке өндірістік орынның қуатында шығарылды.

«Арлан» – күшейтілген минаға қарсы қорғанысы бар көп нысаналы броньдалған дөңгелекті машина. Аталған үлгідегі машиналардың жарқыншақтарға төтеп беруге және жарылыстың қуатын ыдыратып жіберуге мүмкіндік беретін үлкен жол саңылауы, V-тәріздес түпшесі бар. Броньдалған машина жоғары минаға қарсы қорғанысқа ие және кез келген атыс қаруының оқ атуларына шыдайды. Машинаның жауынгерлік салмағы 16 тоннаны құрайды. Машинаның экипажы 2+8 адам, ол сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдықты үдете түседі және -50⁰С-тан + 50⁰С-қа дейінгі температура режімінде пайдаланудың қытымыр климаттық жағдайына толыққанды бейімделген. Бүгінгі таңда республикамыздың Қарулы Күштерінде аталған техниканың баламасы жоқ.

Сонымен қатар, кәсіпорынның конструкторлық бюросы төмендегі броньды техниканы өңдеп шығарды:

- «Номад» БДМ – полиция және құқық қорғау органдары күштеріне арналып жобаланған машина. Ол жаппай тәртіпсіздікті жою мақсаттарына, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және арнайы операцияларды жүргізуге арналған;

- «Барыс 6х6» БТР – революциялық аласа профильді бронетранспортер, тамаша қорғанысты, мобильділікті және атыс қуатын қамсыздандырады;

- «Барыс 8х8» БТР – алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдермен жабдықталған көпмақсаттағы броньды машина. БТР көпмақсаттылық, жоғары мобильділік және минаға қарсы платформа қондыру қажеттілігіне байланысты аймақтағы талаптардың ұлғаюынан туындаған.

Бүгінгі күні кәсіпорын броньды техниканы шығаруға қажет барлық конструкторлық және технологиялық құжаттарға ие.

Анықтама:

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» – Орталық Азиядағы заманауи броньды дөңгелекті машина шығаратын ірі кәсіпорынның бірі. Кәсіпорын күшейтілген минаға қарсы MRAP үлгісіндегі броньды машиналар шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық технологияға ие.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» отандық қарулы күштерді алдыңғы қатарлы техникамен жабдықтауға, өндірісті барынша оқшаулауға және халықаралық нарыққа өнімдерін экспортқа шығаруды өзіне міндеттеп отыр. Кәсіпорында өндірістің барлық технологиялық барысы (кесу, иіу, дәнекерлеу, машина корпусын дайындау, бояу, тестілеу және басқа) игерілген, инженерлік-техникалық құрам қалыптастырылған, тапсырыс берушінің талаптарын толық орындау мақсатында конструкторлық бюро құрылған.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі

Кері қайту