Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиналыс

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы ұлттық компанияның ұжымын және еншілес кәсіпорындарының өкілдерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Е.Ыдырысов салтанатты жиналысты аша отырып, тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын біздің еліміздің осы жылы жоғары қарқында мерекелеп жатқандығын атап өтті.

Осы жылдары мемлекет әлемдік державалармен танылған абыройға, таңқаларлық жетістіктерге қол жеткізді. Реформалар қазақстандықтардың өміріндегі барлық салаларға қатысты болды.

Әлемдік экономикалық дағдарысқа «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар сәтті қарсы тұра білді. Басқарма төрағасы: «Біз зауыттарымызды сақтап қана қоймай, олардың қызметін тиімді дамытып отырмыз. Еңбек қатынастарының тұрақтылығын, ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар, инновациялық құрамдастарын белсендіру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндірістік-технологиялық базаларды жаңғырту – міне біздің еншілес кәсіпорындарымыз осындай жетістіктерімен атақты», - деп атап өтті.

Қазақстанның егемендігін нығайтуға және мемлекеттің аяғына тұруына, дамуына қосқан үлесіне, сонымен қатар тәуелсіздіктің 25жылдығына орай «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және еншілес ұйымдардың бір қатар қызметкерлері мерейтойлық «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалдарымен марапатталды.

Одан өзге, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және кәсіпорындарының бір топ кызметкерлері «Самұрық- Қазына» Қорының, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының және ұлттық компания қызметкерлері кәсіподағының құрмет грамоталары ұсынылды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Кері қайту