Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында құрмет грамоталарымен марапатталды

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерлан Ыдырысов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ұлттық компаниялар мен еншілес ұйымдардың өкілдері ұжымын құттықтады.

Өз сөзінде Е. Ыдырысов тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше маңыздылығын атап өтті. Осы 25 жыл ішінде елімізде іске асырылған барлық кең ауқымды бастамалар Елбасының атымен байланысты.

Президенттің қолдауының арқасында біздің ұлттық компания құрылып, сәтті дамып келеді.

Инженерлікке қосқан үлесі үшін, жемісті жұмыс және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қорғаныстық және аэроғарыштық өнеркәсіптегі жоғары жетістіктері үшін ұлттық компанияның қызметкерлері және еншілес кәсіпорындарының өкілдері бірқатар грамоталарымен марапатталды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлерінің тобы Басқарма Төрағасы дипломдарымен мен «Нұр Отан» партиясының грамоталарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс барлық еншілес ұйымдарында атқарылды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту