Сары-Шаған сынақ алаңында С-300ПС зениттік зымырандық жүйесінің жауынгерлік атуы сәтті өткізілді.
Алғашқы рет 5Н83С командалық пункт жүйесімен 5Ж15С зымырандық жүйесі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюро» ЖШС, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ бастаған компаниялар тобында жөндеуден өтті.
Атуды өткізу және техниканы тапсыру Қазақстан үшін маңызды күндер - Республиканың Тұңғыш Президенті күні және Еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында жүзеге асырылды.
Осылайша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің күзеті және қорғанысы үшін, қосымша зениттік зымырандық қару-жарақ құралымен толықтырылып отыр.