Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Мемлекеттік мерекелер алдында «Халық қаһармандары» «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына келді

Бүгін, 2016 жылдың 25 қарашасында «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне, еліміздің 25-жылдық мерейтойына және кәсіпорынның бір жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекеге Қазақстанның Тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, Совет Одағының батыры, Қазақстан Республикасының әуе қорғанысы Күштерінің генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы, генерал-майор Бақытжан Ертаев қатысты.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Ербол Сәлімов қонақтарға зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырып, кәсіпорынның болашақ дамуы туралы айтып берді. «25 жыл бұрын біз өзіміздің жеке, қазақстандық жолын бастадық, ол алдымен мақұлданып, одан кейін әлемдік бірлестікпен мойындалды. Біздің экономиканың серпінді даму қарқыны халықаралық бірлестік сарапшыларының жоғарғы бағалауына ие болып отыр. Жыл сайын республиканың экономикасына тартылған инвестиция саны көбейіп келеді. Бұған біздің «Қазақстан Парамаунт Инжиинринг» зауыты үлгі»,- деді мерекелік шараны ашқан Е.Сәлімов.

«Мен біздің елімізде жас мамандар, «Болашақ» бағдарламасының және Назарбаев Университетінің түлектері қызмет атқаратын заманауи кәсіпорын ашылғанына қуаныштымын. Мен бұл зауыт мамандарының көбі біздің республиканың құрдастары екендігін көріп отырмын. Сіздер барлық күштеріңіз бен білімдеріңізді еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешені мен қорғаныс қабілетінің нығаюына қосуларыңыз керек», - деп атап өтті Т.Әубәкіров.

Өз кезегінде Б.Ертаев зауыт қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, «25 жыл бұрын біз өзіміздің Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейте алдық, ауыр және азапты жолдан өте білдік. Қазір сіздерде табысты қызмет атқару үшін барлық жағдайларыңыз бар, тіпті жоғарғы білімді шетелде алуларыңызға да мүмкіндік мол, сіздерде жұмыстарыңыз және бірегей зауыттарыңыз бар. Сіздер көп нәрсеге қол жеткіздіңіздер, Сіздерге тек өркендеу тілеймін», деді.

Анықтама:

2014 жылдың 14 сәуірінде зауыт құрылысы басталып кетті. Бұл Жобаның серіктесі ретінде «Қазақстан Инжиниринг Дистрибьюшн» ЖШС және оңтүстік африкалық «Парамаунт групп» компаниясы шығып, Жобаны іске асыру үшін «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі біріккен кәсіпорынын құрады.

2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен зауыттың ашылу салтанаты өтті.

Шығарылатын өнімдер:

- «4х4» дөңгелекті формуласындағы «Арлан» броньды дөңгелекті машинасы (БДМ);

- «4х4» дөңгелекті формуласындағы «Номад» броньды дөңгелекті машинасы (БДМ);

- «6х6», «8х8» дөңгелекті формуласындағы «Барыс» бронетранспортері (БТР);

Бүгінгі күні зауыт Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің мемлекеттік қорғаныс тапсырысын және басқа да республикалық әлеуетті мекемелердің тапсырсын орындауда. «Арлан» броньды дөңгелекті машинасының алғашқы топтамасы ағымдағы жылы қазақстандық армияны қаруландыруға түсті.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі

Кері қайту