Қорғаныстық электронды-оптикалық өнімдерді шығаратын Қазақстандық зауыт «Қазақстан АСЕЛСАН Инжиниринг» ЖШС-і («КАЕ» ЖШС-і) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскери құрылымдар және арнайы мемлекеттік органдар үшін жаңа жобаны таныстыру іс-шарасын өткізді.
«КАЕ» ЖШС-і АРСО25 стандарттындағы кәсіби радиобайланыс құралдарын шығара бастайды. Өнімдер желісінің топтамасын 4700 (АРСО25 аспалы, автокөліктік, стационарлық және ретранслятор) және 4900 (ATLAS) (автокөлікті/ретратранслятор) радиостанциялары құрайтын болады.
4700 және 4900 радиостанциялар топтамасы құқық қорғау органдарын, өрт және медициналық бригада, іздестіру-құтқару және басқа топтарды тиімді және қауіпсіз байланыспен қамтамасыз етеді.
Жобаның технологиялық базасын «ASELSAN» түрік компаниясы ұсынады, 2016 жылдың 10 қарашасында бекітілген технологиялар трансферті туралы келісім-шарт аясында.
КАЕ» ЖШС түнде көру құралдарын, жылулық нысана, электрондық платалар және оптикалық линзаларды өндіруге мамандандырылған. Еліміздің қорғаныс саласындағы міндеттерін орындауға арналған зауыт шығаратын өнімдер қазіргі таңда Қазақстан Республикамы Қарулы Күштерінде және арнайы мемлекеттік органдарында кеңінен қолданылады, сонымен қатар жақын және шет елдерге экспортқа шығару жоспарлануда.
«КАЕ» ЖШС-і «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 50%, қатысу үлесімен еншілес бөлігі болып табылады, 49% «ASELSAN» түрік компаниясының еншісінде, 1% - Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі Комитетінің иелігінде болып табылады.