Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Зенит» Орал зауыты» өзінің 75-жылдық мерей тойын атап өтті

«Зенит» Орал зауыты» АҚ 75-жылдығына арналған салтанатты шаралар жұма күні, 14 қазанда өтті.

«Зенит» мәдениет үйінде өткен мерекеге Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің өкілдері, Батыс Қазақстан облысы, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар зауыт жұмысшыларын «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқа да еншілес ұйымдарының басшылары, облыс ардагерлері және қала ұйымдары мен оқу орындары құттықтады.

Мерекенің себепкерлерін мереке концерті, бағалы сыйлықтар, зауыт қол өнерлерінің көрсеткен өнерлері қуантты.

Зауыттың 75-жылдығы қарсаңында токарь, темір ұстасы, жонғылағыштар мен дәнекерлеушілердің арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті. Осы күні кәсібі бойынша үздіктер анықталды.

Іс-шара соңында зауыт қызметкерлері Қазақстанның Әскери-теңіз флотының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен, Қорғаныс министрлігінің құрмет грамоталарымен, Батыс Қазақстан облысы мен кәсіподақ қызметкерлерінің орталық комитетінің грамоталарымен, әкімнің алғыс хаттарымен марапатталды.

«Зенит» Орал зауыты» АҚ, 1941 жылы Ленинградтан көшірілген «Двигатель» зауытының базасында К.Е. Ворошилов атындағы зауыт ретінде құрылған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскер мен флоттың арнайы әскери-теңіз қару-жарақтарымен қамтамасыз еткен жетістіктері үшін 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған Қазақстандық жалғыз кәсіпорын.

1993 жылы кәсіпорын ақционерлік қоғам болып қайтақұрылды, ал 2003 жылы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кірді.

Бүгінгі күні «Зенит» Орал зауыты» АҚ арнайы техникалар, қайықтар мен кемелер, мұнай-газ саласы үшін жабдықтар, сондай-ақ азаматтық өнімдер мен халық тұтынатын тауарларды өндіреді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту