«Қазақстан инжиниринг R&D орталығы» ЖШС және «Системотехника» ЖШҚ (РФ) екі жақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Тиісті меморандум өткен аптада Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы аясында жасалды.

Құжатқа «Қазақстан инжиниринг R&D орталығы» ЖШС орталығының Бас директоры Ербол Төлебаев және «Системотехника» ЖШС директоры Альберт Колтаков қол қойды. Меморандум Қазақстандық нарықта Smart Grifon аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу бөлігінде тараптардың өзара әрекеттестігін қарастырады.
Кездесу барысында компанияның басшылары басқа да келешекті жобаларды талқылады.
«Системотехника» ЖШҚ Ресейлік ірі корпорациялар және мемлекеттік ұйымдар үшін азаматтық қорғаныс саласындағы күрделі ақпараттық және коммуникациялық жобаларды жүзеге асыратын ресейлік зияткерлік интеграторы болып табылады.
«R&D орталығының» негізгі қызметі қорғаныстық-өнеркәсіптік кешені, әскери және қос мақсаттағы жаңа өнім түрлерін игеру және қолданыстағыны жаңғыртуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету саласында отандық ғылымды дамытуға бағытталған.