«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы аясында, Ресейлік жетекші компаниялармен бірқатар келісімдер жасасты.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысов және «Атомэнергомаш» АҚ атом энергетикасы және жаңа бизнес бойынша Бас директорының бірінші орынбасары Александр Ранцевпен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Бірлескен қызмет, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер үшін жылу энергиясы және газдымұнайхимия саласындағы жобаларды әзірлеуге және іске асыруға бағытталатын болады деп, болжануда.
Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басшысы Е.Ыдырысов және «Подольск машина жасау зауыты» АҚ Бас директоры Алексей Рубцов энергетикалық машина жасау саласындағы әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Тараптар энергетикалық және басқа да машина жасау жабдықтарын, сондай-ақ ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарды жеткізу өндірісін жүзеге асыруға ниетті.
Аталған келісімді «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ мен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның өзгеде еншілес ұйымдарының өндірістік қуаттылығында жүзеге асыру жоспарлануда.