Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Машина жасаушы күніне зауыттықтарға арналған палау, спартакиада және концерттер

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес ұйымдары өткен демалыс күндері өздерінің кәсіби мерекесін - машина жасаушы күнін атап өтті. Барлық зауыттырда осы күнге арналған салтанатты жиналыстар өтті.

«Тыныс» АҚ зауытының алаңында қызметкерлер екі қазан палау, бауырсақ пісіріп, арқан тартысып, ән айтып, би биледі. Ақмола облысының ірі машина жасау кәсіпорынының жас ұрпақ өкілдері, еңбек ардагерлері, спорттық және мәдени бағдарламаларға қатысты.

Осы күндері өздерінің 55-жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ қызметкерлерін мерекелік концертімен облыстық филармонияның әртістері қуантты.

Дәстүр бойынша «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ кәсіпорындарында машина жасаушы күніне арналған спартакиада өткізілді. Мысал үшін «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ шағын-футбол, волейбол және теннис бойынша жарыстар ұйымдастырды. Жарыс женімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Осы күні зауыттарда «Кәсібі бойынша ең үздік» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысын шығарды. Жоғары сыныпты темір жонушысы, слесарь, электрлі газды дәнекерлеу, фрезеровщик байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Адал еңбектері және үлгі тұтарлық еңбектегі тәртіптері үшін «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ сияқты кәсіпорындардың жұмыскерлері «Құрметті машина жасаушысы», Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мақтау қағазымен, «Самұрық-Қазына» АҚ қорының және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының құрмет грамоталарымен құрмет белгілері табысталды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту