Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» АҚ қызметкерлері машина жасаушы күні қарсаңында кәсіби наградалармен марапатталды

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысов Машина жасаушы күні кәсіби мерекесімен компанияның ұжымын құттықтады.

Е.Ыдырысовтың айтуынша, бүгінде компания мен оның еншілес ұйымдары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін өршіл мақсаттары мыналар болып табылады. Машина жасау саласын дамыта отырып, біздің зауыттар еліміздің индустриялық- инновациялық дамуын қамтамасыз етуге белсенді қатысады.

Басқарма төрағасы Мемлекет басшысының Петропавл қаласында өткен әскери өнеркәсіп көрмесі барысында көрмеге оң баға бергенін атап өтті. Бұл біздің ұзақ жылдарғы даму тарихы бар ірі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың жоғарғы жетістігі болып табылады.

Сонымен қатар, Е.Ыдырысов «Зенит» Орал зауыты» АҚ-ның 75 жылдығын және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ы алдағы күндері өзінің 55-жылдығын атап өтетінін еске салды.

Кездесу соңында Компанияның қызметкерлері «Құрметті машина жасаушысы», Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мақтау қағазымен, «Самұрық -Қазына» АҚ қорының және « Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды .

Машина жасаушы күніне арналған мерекелік іс-шаралар, Компанияның барлық еншілес кәсіпорындарында өтеді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту