Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстандық кәсіпорындардың әскери өнімдерімен танысты

Бас хатшы Николай Бордюжа бастаған  ҰҚШҰ-делегациясы, осы күндері Ресей Федерациясында  өтіп жатқан  «Армия-2016» халықаралық әскери-техникалық форумы барысында  қазақстандық  стендке барды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерлан Ыдырысов ұлттық компанияның қызметі туралы әңгімелеп берді және қонақтарды қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен таныстырды.

Қазақстан Форумда алты кәсіпорынмен таныстырылды: «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «405 авиажөндеу зауыты» АҚ, сондай-ақ « Zhasampaz» консорциумы.

Компанияның стендінде 46 табиғи үлгілер және әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдердің 13 макеті қойылған.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ экспозициясымен, Ресей кәсіпорындарының өкілдерімен келіссөздерге қатысу үшін Кубинкаға келген ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаровта танысты.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту