«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Рособоронэкспорт» «Армия-2016» халықаралық форумының шеңберінде әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Құжатқа «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысов және «Рособоронэкспорт» АҚ Бас директоры А. Исайкин қол қойды.
Келісімнің мәні Қазақстан Республикасының және Ресей Қарулы күштерінің мүддесіне әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізу, жөндеу және жаңғырту, өнімдерді экспорттау, офсеттік саясат және технологияның трансферті саласындағы ынтымақтастық болып табылады.
Одан өзге, тараптар әскери-теңіз флотын техникалық жарақтандыру, кеме жасау және оптикалық аспаптар өндіруде бірлесу мәселесінде одан арғы өзараәрекеттестікті талқылады.