Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ministry Logo
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Армия-2016» ІІ халықаралық әскери-техникалық форумына алғашқы рет қатысады

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, Ресей Федерациясының (Мәскеу облысы Кубинка қ.) 2016 жылдың 6-11 қыркүйегіне жоспарланған «Армия-2016» ІІ халықаралық әскери-техникалық форумына алғашқы рет қатысады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниясының тобы алты компаниямен таныстырылды: «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «405 авиажөндеу зауыты» АҚ, сонымен қатар «Zhasampaz» консорциумы.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС ашық аланда БТР «Барыс 8x8» және «КАЕ»-да өндірілген «САРП» 12,7 мм жауынгерлік модульімен «Арлан» брондалған доңғалақты жауынгерлік көлігін көрсетеді. Форумға қатысушылар мен қонақтар «Арлан» БДМ «Алабино» сынақ алаңындағы 7-8 қыркүйектегі көрсетілімдер кезінде көре алады.

Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындар 184 шаршы метрлік стендте 46 табиғи үлгілерді және 13 әскери және қосарлы мақсаттағы макеттік өнімдерді көрсетілімге қояды.

Сонымен, «КАЕ» ЖШС өндірілетін өнімінің негізгі желісі түнде көру көздеуіштерін, жылуға ден қою жүйелерiн, сондай-ақ барлау және қадағалау аспаптарын қояды.

20160906-army2016-ke2.jpg

«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Қарағай» орташа қуатты радиостанциясын, «Ақтерек» релелік станциясын және «Аққайың» тропосфералық релелік станциясын көрсетеді. Одан өзге, ол халықаралық, соның ішінде әр түрлі жаттығуларды орындауда (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы) соңғы бірнеше жылдан астам пайдаланылған ұялы байланыс құралдары көрсетілетін болады.

«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ кемелер мен суасты қайықтарын өндірушілер үшін кемелік гидравликаның түрлі толымдаушы бұйымдарын ұсынады. Сонымен қатар, зауыт суасты қайықтарының және кемелерді жабдықтау үшін, өзібағытталатын торпеданың макетін шығарады.

«405 авиажөндеу зауыты» АҚ Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарының модельдерін форумда көрсетілімге қояды.

«Zhasampaz» консорциумы «Армия-2016» форумының қатысушылары мен қонақтарына «Тыныс» АҚ зауытының броньды желеттерін, қазақстанда жасалған дулыға және әскери киім-кешектерін көрсетеді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту