Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ministry Logo
Мәзір
«Армия – 2016» халықаралық форумында қазақстандық «КАЕ» түнгі көру жүйелерін және барлау аспаптарын көрсетеді

«Қазақстан Аселсан Инжиниринг» (КАЕ) ЖШС «Армия – 2016» халықаралық әскери-техникалық көрмесінде өндірілетін өнімнің негізгі қатарын паш етуді жоспарлап отыр.

Сонымен, кәсіпорын түнгі көру көздеуіштерін, жылу визиялық жүйелерді, сондай-ақ, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясының «Арлан» жауынгерлік дөңгелекті машинасына кіріктірілген, тұрақтандырылған қашықтықтан басқарылатын жауынгерлік модульді ұсынады.

Жауынгерлік модуль қашықтықтағы атысты жүргізуге және нысананың қосақталуы, тәуліктің кез келген уақытында қолайсыз ауа райы жағдайында көздемелі оқ ату үшін арналған.

Сонымен қатар, «КАЕ» форумға қатысушылар мен қонақтарға барлау және бақылау аспаптарын көрсетеді.

«Армия – 2016» екінші халықаралық әскери-техникалық форумы қыркүйектің 6-ы мен 11-і аралығында Мәскеу облысында өтеді.

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту