Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Семей инжиниринг» АҚ-дағы жағдайға қатысты

Әлеуметтік желідегі «Семей инжиниринг» АҚ жабу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ағымдағы жылы зауыт Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін 2015-2016 жылдардың қорғаныстық тапсырысын орындады. Қазіргі уақытта Үкіметтің Қаулысы шыққаннан кейін 2016-2017 жылдарға жүзеге асырылуы осы жылдың қыркүйегінен басталатын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға дайындық жүргізілуде. Кәсіпорын тапсырысының жалпы көлемі 5 млрд. теңге шамасын құрайды. Одан өзге, зауыт конверсиялық техниканы жеткізуге экспорттық келісімшарттар бойынша жұмыс істейді.

Алдағы қорғаныстық тапсырысқа (жазғы кезеңге) дайындық шеңберінде, қызметкерлердің негізгі бөлігі корпоративтік демалысқа жіберілді, оларға төмен жалақы төленіп отыр.

Зауыттың қызметкерлерін тарату жоспарланып отырған жоқ, барлық жұмыс орындары сақталған.

Жалақы және бюджетке төлемдер бойынша кәсіпорынның берешегі жоқ.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі

Кері қайту