Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстандық түнгі көру приборларымен алғаш рет Армия халықаралық ойындарының түсірілімі жүргізілді

Қазақстандағы Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысына қатысушы елдер «Мерген шебі» және «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауларында пайдаланылатын қазақстандық өнімге қызығушылық білдірді.

Оның ішінде, сайыстарда мергендердің белсенді түрде қолданып жүрген отандық приборларға Зимбабве, Қырғызстан және Иран елдері қызығушылық танытты.

Қазақстандық «КАЕ» өндіруші кәсіпорнында хабарлағандай, қазіргі уақытта аталған елдердің өкілдерімен келіссөздер өткізіліп те қойылды. Әлеуетті клиенттер зауыттың мамандарына көкейлерінде жүрген барлық сауалдарын қойды.

Бүгінгі таңда біздің өнімге кәсіпорын келіссөздер жүргізуді жалғастырып жүрген бірқатар өзге де мемлекеттер қызығушылық танытуда. Жалпы алғанда, қазақстандық «КАЕ» кәсіпорны экспортқа электронды-оптикалық приборлар мен жүйелердің кең түрін ұсынуға әзір.

Сайыстардың түнгі кезеңдері Армия халықаралық ойындары шеңберінде алғаш рет өткізіліп жатқанын жеке атап өткен жөн. Отандық өндірістің оптикасының арқасында қараңғыда мергендердің оқ атулары ғана емес, сонымен бірге, жарыстың кейбір сәттерін толыққанды түсіруге мүмкін болып отыр.

Кері қайту