Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «KADEX-2016» шеңберінде 45 млрд теңгеге ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасасты

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ  қару-жарақ және әскери техникалық мүліктің «KADEX» Халықаралық көрмесі шеңберінде бірқатар шетелдік компаниялар және қазақстандық кәсіпорындармен 45 млрд теңгеге ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның басшылығы, сонымен қатар еншілес ұйымдардың басшылары шетел мемлекеттерінің қару-жарақ және әскери техникасының жетекші өндірушілерімен және қорғаныстық өнеркәсіптік кешенінің өкілдерімен 40-тан астам кездесу өткізді.

Сонымен,  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ келіссөздер нәтижесінде, «405 АЖЗ» АҚ және «Вертолеты России» АҚ-мен 2020 жылға дейінгі аралықта ресей өндірісінің тікұшақтық техникасын сатқаннан кейінгі қызмет көрсетуін кеңейту мақсатында бірлескен жобалардың Жол картасына қол қойды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және ресейлік «Қорғаныстық жүйелер» радиотехникалық барлаудың «Автобаза-М» жерүсті кешенінің және кішіөлшемді ұшатын «Репеллент» ұшқышсыз аппараттарымен радиоэлектрондық күрестің кешенін жеткізу саласында келісім жасасты.

«КАЕ» ЖШС-і инфрақызыл линзалар және оларды одан әрі БПЛА-ға біріктіру үшін тепловизиондық камералар жеткізу туралы «НИИ СТТ» АҚ-мен (РФ) тиісті құжатқа қол қойып, белорустық «Пеленгпен» өзінің тепловизиондық камерасын олардың көздеуіштік кешеніне біріктіру туралы келісті.

Радиоэлектроника және байланыс саласында ынтымақтастық туралы Меморандумдарды көрменің «алаңқайында» «С.М. Киров ат. зауыт» АҚ-ы және үнділік «Elcom innovations» жасасты, механикалық жетектермен және серпілугеқарсы құрылғыларымен 120-мм-лік миномет негізінде жүйелер өндірісі бөлігінде – «ПАМЖЗ» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» және израильдік «Elbit Systems» жасасты.

«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ және испандық «SAES» теңіздік мина бірлескен өндірісін игеруді жоспарлауда, «KADEX-2016» екінші күнінде компания басшылары бұл туралы меморандумға қол қойды.

Ең ірі келісімшарттардың бірі – Мянмуға конверсиондық техниканы жеткізуге - «Семей инжиниринг» АҚ-ы  «MCM Pte Ltd» өкілдерімен жасасты, олардың әскери және азаматтық мақсаттағы жаңғыртылған техниканың экспорты туралы тағы бір меморандумы болгарлық «Металика – АБ ЕООД» жасалды.

«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС (ҚАИ) МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарын жаңғырту бойынша және Ми-8 тікұшақтары үшін қозғалтқыштардың күрделі жөндеуі жөніндегі технологияны беру туралы келісімге «Мотор Сич» АҚ-мен (Украина) қол қойды, Су-25 ұшағының жаңғыртуы және күрделі жөндеуін орындауға келісімшарт белорустік «558 Авиажөндеу зауытымен» жасалды.

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС (ЕСКИ) өзінің тікұшақтарын бірқатар қазақстандық компанияларға және мемлекеттік құрылымдарға ұсыну мүмкіндігі туралы келісімдерге қол жеткізді. ЕС125 тікұшақтарының 7-ін сатып алу бойынша ниеті туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері,  ЕС130 тікұшағының 18-ін сатып алу бойынша «КазМедЭйр» ЖШС-інің басшылығы ЕСКИ-мен меморандумдарға қол қойды. Сонымен қатар, ЕСКИ «Казавиаспас» АҚ-да бар ЕС145 борттарына техникалық қызмет көрсетуін жүргізуге ниетті.

Хабарланғандай 2016 жылғы маусымның 2-мен 5-і бойынша Астана қаласында «KADEX» қару-жарақ және әскери техникалық мүліктің IV –ші Халықаралық көрмесі өтеді, бірлесіп ұйымдастырушысы ретінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ шығуда.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі

Кері қайту