Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
КАЕ және Семей инжиниринг бронетанктік техниканы бірлесіп жаңғырту туралы келісті

"КАЕ" ЖШС мен "Семей инжиниринг" АҚ Т-72Б   танкісін өртті басқару жүйесі, сондай-ақ электрондық-оптикалық аспаптар орнату бөлігінде бірлесіп жаңғыртуға ниетті.

Өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға"KADEX-2016" Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі аясында "КАЕ" ЖШС Бас директорының орынбасары Әбиюр Алшымбаев пен "Семей инжиниринг" АҚ Бас директорының өндірісті дамыту жөніндегі орынбасары Серік Елшібеков қол қойды.

Тараптар технологиялар мен тәжірибені Қазақстанның әскери және азаматтық мұқтаждарының пайдасына біріктіру туралы шешімге келгендерін атап өтті.

"Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту