Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ішкі нарықта сатылым көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС (ЕСҚИ) бірқатар қазақстандық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдарға өз тікұшақтарын ықтимал жеткізу туралы уағдаласты.

Сонымен, ЕСҚИ-мен ЕС-125 7 тікұшағын сатып алу жөніндегі ниет туралы меморандумдарға Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, ЕС-130 18 тікұшағына «ҚазМедЭйр» ЖШС компаниясының басшылығы қол қойды.

Сонымен қатар ЕСҚИ және «Қазавиаспас» АҚ қолданыстағы ЕС-145 борттарына техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ тікұшақтардың аралас флотын қосымша сатып алу ниеті туралы меморандумдарға қол қойды.

Құжаттар «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі шеңберінде жасалды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі

Кері қайту