«КАЕ» ЖШС (Қазақстан) «Заманауи телекоммуникациялық технологиялар ғылыми-зерттеу институты» АҚ-қа (Ресей) олардың әрі қарай ұшқышсыз ұшу аппараттарына кіріктірілуі үшін инфрақызыл линзалар мен жылу визиялық камераларды жеткізуге ниетті.
Тиісті меморандумға «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің алаңында «КАЕ» ЖШС бас директорының орынбасары Әбиюр Алшымбаев пен «СТТ ҒЗИ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Андронов қол қойды.
Ынтымақтастық жақын арадағы бес жылға бағдарланған және өзге де бірқатар бағыттар бойынша ықтимал дамытуды негіздейді.