«Қорғаныс жүйелері» АҚ (РФ) және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Репеллент» шағын көлемді ұшқышсыз ұшу аппаратары бар радиоэлектрондық күрес кешендері мен «Автобаза-М» жерүсті радиотехникалық барлау кешенін жеткізіп беру аясында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Жеткізіп беру әрі қарай сервистік және техникалық қызмет көрсету жүргізетін қазақстандық «Гранит» «Арнайы құрастыру-технологиялық бюросы» кәсіпорны арқылы жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелері осы құралдар бойынша тұсаукесер материалдарымен танысып шықты.
Бүгінгі таңда «Реппелент» және «Автобаза-М» радиоэлектрондық күрес пен радиоэлектрондық барлаудың анағұрлым перспективалық және жаңа тиімді құралдары болып табылады.