Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
"Еврокоптер Казахстан инжиниринг" ЖШС "KADEX-2016" - да EC145 ұшу тренажерін таныстырады

IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС (ЕСКИ) Орта Азиядағы жалғыз ЕС-145 ұшу тренажерын ұсынады.

Rheinmetall компаниясымен Германияда жасалынған, EC145 тікұшағының комплексты пилотаждық тренажеры (FNPT III),  ұшақты басқаруменен және навигациямен байланысты ұшу құрамын оқытуды және қайта даярлауды іске асыруды қамтамасыз етеді.

Тренажер артықшылығы: экипажға  штаттық экплуатациялық ұшу режимдерінде , сонымен бірге авиациялық техниканың бұзылуы тудыратын, пилоттық техниканың қателіктері және ұшуға қолайсыз ауа райы сияқты ерекше  жағдайларда әрекеттерді жетілдіру мүмкіндік береді.  Түнгі жағдайда қолдануға түнгі көрініс көзілдірігі пайдаланылыды.

Тренажердың визуализация жүйесі сфералық – экранды , 6 каналды проекциялық – экрандық комплексты ұсынады. Шолудың бұрышы 180 (+28/-52)  градусқа тең. Экипажды жаттықтыру  басқаруды, ұшу жағдайларды ауыстыру, тікұшақ жүйесінің жарамсыздығын және қабыл алудың енгізумен алынуын қамтамасыз ететін, инструктордың қосымша жұмыс орыны бар.

Сондай-ақ кәсіпорында дайындықтың ең жоғары деңгейінде теориялық және практикалық оқытуды ұсынатын авиациялық оқу-жаттығу орталығы бар. Жаңа тренажер, мультимедиялық амалдары және техникалық құжаттамаларын қолануменен сертификатталған оқу курстары.

ЕСКИ, Airbus Helicopters ұшқыштарды және техниктерді оқыту академиясынын үлгісінде негізделіп, тиімді және қауіпсіз оқуға кепілдік береді. АОО Airbus Helicopters-тің ресми орталығы бола отырып, Халықаралық Авиациялық Комитетімен (ХАК), Қазақстан Республикасының Азаматтық Авиация комитетімен, Монголия азаматтық авиация органдарымен мақұлданған.

Кері қайту