Әскери кафедра бастығының басшылығымен «KADEX-2018» бесінші халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінде ұсынылған маңызды жобаларды талқылауға арналған кеңейтілген кеңес өткізілді.
Көрме алаңдарында ұсынылған жобаларды зерделеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жүйелер, қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік туралы тиісті ұсыныстар дайындады.
Кездесу соңында Қазақстан Қарулы Күштерін KADEX-2018 көрмесінде ұсынылған қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен одан әрі жабдықтау туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі «KADEX-2018» көрмесінің қорытындысын шығарды