Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір

ФИТНЕС КЛУБ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҚАЙТА САТЫП АЛУ БОЙЫНША ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМА ЖОБАСЫН АЛДЫН АЛА ТАЛҚЫЛАУ РӘСІМІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

"Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы (Kazakhstan Engineering) (бұдан әрі - Компания) фитнес клубтардың қызметтерін қайта сатып алу бойынша тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімін жүргізу мақсатында әлеуетті өнім берушілермен алдын ала талқылау үшін тендерлік құжаттаманың жобасын орналастырады.

Тендерлік құжаттама жобасына ескертулер, сондай-ақ тендерлік құжаттама жобасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар компанияға тендерлік құжаттама орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберілуі қажет.

Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған жағдайда тендерлік құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.

Ескертулер болған жағдайда, компания тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1.тендерлік құжаттама жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

2.тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдамайды;

3.тендерлік құжаттама жобасының ережелеріне түсінік береді.

Аталған шешімдер қабылданған күннен бастап Компания тендерлік құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылдауға құқылы.

Компания осы тармақта көрсетілген шешімдердің бірі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей компанияның веб-сайтында тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастыруға міндетті.

Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында тендерлік құжаттаманың жобасына келіп түскен ескертулер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижелері бойынша компанияның шешіміне "Самұрық – Қазына "ҰӘҚ"АҚ Директорлар Кеңесі бекіткен бақылауды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 69-55-99 ішкі телефон 1833 арқылы алуға болады. электрондық пошта N.Mamalinova@ke.kz.

Техникалық сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-55-99 ішкі.1132 электрондық пошта К.Tumenbayev@ke.kz

Кері қайту