Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір

2025 жылғы 31 қаңтар – 1 ақпан. Алматы қ. – Digital Almaty
Экономиканың негізгі салаларындағы цифрлық трансформацияның болашағын айқындайтын инновациялар мен алдыңғы қатарлы технологиялардың көрмесі. Стартап-дистрикт.

2025 жылғы 10 – 14 ақпан. Бенгалуру қ., Үндістан – AERO INDIA
Үндістандағы жетекші аэроғарыштық және қорғаныс көрмесі. Әлемдік ұшақ өндірушілері мен Үндістанның Әскери-әуе күштері ұсынылады.

2025 жылғы 17 – 21 ақпан. Абу-Даби қ., БАӘ – IDEX
Озық қорғаныс технологияларын көрсетуге арналған жаһандық алаң, халықаралық қорғаныс құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
NAVDEX көрмесі – әскери-теңіз қорғанысы саласындағы басты оқиға – IDEX көрмесімен қатар өтеді.

2025 жылғы 26 – 28 наурыз. Алматы қ. – «Металлообработка. Сварка – Казахстан 2025»
Қазақстандағы ең ірі мамандандырылған көрмелердің бірі. Орта Азиядағы жетекші іс-шара. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы және ҚР Сауда-өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының қолдауымен.

2025 жылғы 1 – 3 сәуір. Астана қ. – Kazakhstan Security Systems 2025
Қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық көрме. Киберқауіпсіздік компаниялары, қауіпсіздік құралдарын өндірушілер және мемлекеттік құрылымдар үшін стратегиялық кездесу алаңы.

2025 жылғы 1 – 4 сәуір. Рио-де-Жанейро қ., Бразилия – LAAD Defence & Security 2025
Латын Америкасындағы ең ірі және маңызды қорғаныс және қауіпсіздік көрмесі. Барлық күш құрылымдары қамтылады: ӘТФ, армия, ӘӘК, қоғамдық және корпоративтік қауіпсіздік.

2025 жылғы 2 – 4 сәуір. Атырау қ. – «Atyrau Oil & Gas»
Солтүстік-Каспий өңірінің 22-ші мұнай-газ көрмесі. Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін стратегиялық маңызды жалғыз өңірлік іс-шара.

2025 жылғы 7 – 9 сәуір. Абу-Даби қ., БАӘ – Annual Investment Meeting
Таяу Шығыстағы жетекші инвестициялық платформа. Елдер арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған.

2025 жылғы 8 – 10 сәуір. Загреб қ., Хорватия – ASDA - 2025
Адриатика өңіріндегі қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бойынша көрме мен конференция.

2025 жылғы 23 – 25 сәуір. Астана қ. – Kazakhstan Machinery Fair 2025
Машина жасау және металл өңдеу саласындағы халықаралық мамандандырылған көрме. Қазақстан мен Орталық Азиядағы басты салалық оқиға.

2025 жылғы 28 – 30 сәуір. Ташкент қ., Өзбекстан – INNOPROM Central Asia
Халықаралық өнеркәсіп көрмесі. Әлемдік өндірушілер мен сатып алушылар үшін тиімді B2B-платформа және озық технологияларды көрсету алаңы.

2025 жылғы 6 – 8 мамыр. Афина қ., Греция – DEFEA
Жер, теңіз, әуе, ұлттық және киберқорғаныс жүйелерін қамтитын ірі халықаралық қорғаныс көрмесі.

2025 жылғы 14 – 15 мамыр. Астана қ. – «Горнорудный Конгресс Казахстана»
Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі компаниялар форумы. Инвестицияларды, кәсіпорындарды жаңғыртуды және кен орындарын игеруді талқылау.

2025 жылғы 15 – 17 мамыр. Мәскеу қ., Ресей – HeliRussia
XVIII Халықаралық тікұшақ индустриясы және ҰҰА көрмесі. Азаматтық және әскери мақсаттағы аэроғарыштық технологиялар. ҰҰА-ны бейтараптандыру жүйелері мен қауіпсіздікке арналған отандық шешімдерге ерекше назар аударылады.

2025 жылғы 21 – 24 мамыр. Минск қ., Беларусь – MILEX – 2025
Халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесі.
MILEX.INOVATIONS 25 ғылыми конференциясымен қатар өтеді. Қауіпсіздік пен әскери техниканы жаңғыртуға арналған жоғары технологиялық шешімдер ұсынылады.

2025 жылғы 23 – 25 мамыр. Шэньчжэнь қ., Қытай – World Drone Congress 2025
Халықаралық ұшқышсыз ұшу аппараттары көрмесі. Сала чемпионаттары, техникалық көрсетілімдер және 400-ден астам компания қатысатын форумдар өтеді.

2025 жылғы 28 – 30 мамыр. Брно қ., Чехия – International Defence and Security Technologies Fair
Орталық Еуропадағы ең ірі қорғаныс технологиялары көрмесі. Чехияның қорғаныс өнеркәсібін халықаралық деңгейде таныстыру.

2025 жылғы 29 – 30 мамыр. Астана қ. – Astana International Forum (AIF)
Сыртқы саясат, қауіпсіздік, тұрақты даму және энергетика мәселелері бойынша жаһандық диалог алаңы. Үкіметтер, халықаралық ұйымдар және бизнес қатысады.

2025 жылғы 2 – 4 маусым. Анкара қ., Түркия – SEDEC-2025
Қорғаныс және қауіпсіздік көрмесі. Негізгі тақырыптар: әскери жабдықтар, күзет, бақылау жүйелері.

2025 жылғы 5 – 6 маусым. Астана қ. – Халықаралық Тау-металлургия Конгресі
Қазақстандағы ірі недропайдаланушы компаниялар және мемлекеттік құрылымдармен B2B және G2B кездесулер алаңы.

2025 жылғы 16 – 22 маусым. Париж қ., Франция – Paris Air Show
Әлемдегі ең ірі аэроғарыштық оқиға. SIAE ұйымдастыруымен. 2500+ экспонент, 300 стартап, 150 ұшақ.
• Кәсіби күндер: 16–19 маусым 2025 ж. (08:30–18:00)
• Қоғамдық күндер: 20–22 маусым 2025 ж. (08:30–18:00)

2025 жылғы 7–10 шілде. Екатеринбург қ., Ресей"INNOPROM Ekaterinburg" халықаралық өнеркәсіп көрмесі.
Дүниежүзілік өндірушілер мен сатып алушылар үшін озық технологияларды көрсету, халықаралық нарыққа шығу және тиімді B2B-нетворкинг алаңы.

2025 жылғы 22–27 шілде. Ыстамбұл қ., Түркия"IDEF-2025" халықаралық қорғаныс көрмесі.
Әлемдегі ең ірі қорғаныс өнеркәсібі көрмелерінің бірі, заманауи әскери техниканың экспорттық ұсыныстары таныстырылады.

2025 жылғы 9–12 қыркүйек. Лондон қ., Ұлыбритания"DSEI" қорғаныс көрмесі.
Ұлыбританиядағы басты қорғаныс және қауіпсіздік көрмесі, қорғаныс саласының барлық секторларын қамтиды.

2025 жылғы 18–20 қыркүйек. Тайбэй қ., Тайвань"TADTE" – Тайбэй аэрокосмос және қорғаныс технологиялары көрмесі.
Саладағы соңғы жетістіктерді көрсету және әуе-ғарыш саласының азаматтық және әскери мамандарымен кездесулер.

2025 жылғы 24–26 қыркүйек. Самара қ., Ресей"Промышленный салон 2025" халықаралық мамандандырылған форум-көрмесі.
Самара облысының министрліктерінің қолдауымен өтеді. Қатысушылар – Ресейдің жүйеқұраушы кәсіпорындары.

2025 жылғы 1–2 қараша. Сеул қ., Оңтүстік Корея"Seoul ADEX" халықаралық аэрокосмос және қорғаныс көрмесі.
Ұшақтар, қозғалтқыштар, әуежай жабдықтары және әскери саланың заманауи технологиялары ұсынылады.

2025 жылғы 10–13 қараша. Бангкок қ., Тайланд"Defense & Security" халықаралық көрмесі.
Жер, теңіз және әуе күштері үшін әскери техника өндірушілері мен тапсырыс берушілердің басын қосатын көрме.

2025 жылғы 17–21 қараша. Дубай қ., БАӘ"Dubai Air Show" халықаралық авиациялық көрмесі.
Әлемдегі ең танымал авиациялық шаралардың бірі, саланың ең жаңа инновациялары көрсетіледі.

2025 жылғы 18–25 қараша. Париж қ., Франция"Milipol Paris 2025" – ішкі қауіпсіздікке арналған халықаралық технологиялар мен жабдықтар көрмесі.
Франция Ішкі істер министрлігінің қолдауымен өтеді, 30 000-нан астам келуші күтілуде.

2025 жылдың күзі. Минск қ., Беларусь"INNOPROM Belarus" халықаралық өнеркәсіп көрмесі.
Технологияларды көрсету мен халықаралық әріптестік орнату алаңы.

2025 жылғы 1–4 желтоқсан. Каир қ., Египет"EDEX - 2025" халықаралық қорғаныс көрмесі.
Африка мен Таяу Шығықтағы қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы жалғыз көрме.

2025 жылғы 4–6 желтоқсан. Ыстамбұл қ., Түркия"Nadmex - Natural Disaster Management 2025" көрмесі мен саммиті.
Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттарға дайындық пен басқару технологияларына бағытталған.

2025 жылғы 15–17 желтоқсан. Эль-Кувейт қ., Кувейт"Gulf Defence and Aerospace 2025" халықаралық көрмесі.
Қорғаныс, әуе-ғарыш, ұлттық қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі салаларындағы үш салалы мамандандырылған көрме.