Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір

Қазақстан машина жасаушыларының X форумы Қазақстан инжиниринг

логотип Х Форум рус.jpeg

Қазақстан машина жасаушыларының X форумы (2022)

2022 жылғы 21-23 қыркүйекте Астана қаласында Конгресс-орталықта және EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстан машина жасаушыларының X форумы (бұдан әрі – Форум) және машина жасау мен металл өңдеу жөніндегі «Kazakhstan Machinery Fair 2022» екінші халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі – Көрме) өткізу жоспарлануда.

Форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Форум тақырыбы: «Қазақстанның машина жасаушылары: уақыттың жаңа талабы».

 

22 қыркүйек

(Форумның 1-ші күні)

Алқа отырысы:

·        ҚР Үкіметі мүшелерінің қатысуымен пленарлық отырыстың ашылуы.

Панельдік пікірталастар:

·        Өнеркәсіптік саясат туралы қабылданған Заңды ескере отырып, машина жасауды дамытудың 2019 – 2024 жылдарға арналған Жол картасын (кешенді жоспарын) іске асыру;

·        Машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау;

·        Отандық машина жасау өнімдерін өндірушілерді дамыту ынталандырудағы «Самырұқ-Қазына» қорының рөлі

Конгресс-Орталық EXPO, негізгі зал.

22 қыркүйек

(Форумның 1-ші күні)

Панельдік сессиялар:

1. Мұнай-газ машина жасау;

2. Тау-кен металлургия кешені үшін машина жасау;

3. Темір жол машинасын жасау;

4. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау;

5. Автомобиль жасау;

6. Электротехникалық және электрондық машина жасау;

7. Жалпы машина жасау технологиясы;

8. Алматы қаласындағы машина жасаудың дамуы;

9. Машина жасаудың инновациялық дамуындағы жастардың рөлі;

10. Индустрия 4.0: өнеркәсіптегі цифрландыру және роботтандыру;

11. Локализация тұрғысынан Қазақстанның инвестициялық әлеуеті

Конгресс-Орталық EXPO, конференц-залдар.

21-23 қыркүйек

«Kazakhstan Machinery Fair 2022» Көрмесі

EXPO халықаралық көрме орталығы.

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі тел. арқылы хабарласуға болады:

+7 (7172) 79-27-95 және эл. мекенжайы: info@smkz.kz

Көрмеге қатысу мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: +7(7172) 64 23 23 (211), байланысушы тұлға: Ерлан Исимов, эл. мекен-жайы: er@astana-expo.com

https://smkz.kz/registraciya/ - Форумға тіркелу

Сіздерді Форум мен Көрме қатысушыларының қатарынан көруге үміттенеміз.

  

Форум ұйымдастырушылары

logo_smk_kz.png

Қазақстан машина жасаушылар Одағы

logo_prk.jpg

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі   


logo_prk.jpg

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI

Қолдауымен