«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Активтерді басқару департаментінің директоры лауазымына білікті маманды іздеу және іріктеу мақсатында сыртқы конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні.
Лауазымның атауы: «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Активтерді басқару департаментінің директоры
Құрылымдық бөлімше: Активтерді басқару департаменті
Негізгі функционалдық міндеттері:
1. Департаменттің бас консультанттарының қызметіне басшылық жасау және үйлестіру;
2. әскери, қосарлы және азаматтық мақсаттағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді әзірлеу, өндіру және өткізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
3. Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шарттарын орындауына мониторинг жүргізу;
4. Компанияның және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдерінің экспорттық-импорттық жеткізілімдерін ұйымдастыруды үйлестіру;
5. пайдаланылмайтын әскери мүлікті өткізуді ұйымдастыру;
6. Департамент құзыреті шегінде еншілес және тәуелді ұйымдардың тұрақты дамуына жәрдемдесу;
7. жұмылдыру жұмысының жүргізілуін бақылау;
8. құзырет шегінде мемлекеттік органдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Компанияның өзге де ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Қызметтік іссапарларға шығу қажеттілігі: қажеттілікке қарай.
Компанияның ішкі құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және үшінші тарап ұйымдарымен өзара іс-қимыл: Компанияның және еншілес және тәуелді ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен және Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Функционалдық бағыныстылар: Активтерді басқару департаментінің бас консультанттарымен өзара алмастырылу.
Бағынысты қызметкерлерге басшылық: Департаменттің бас консультанты - 3 бірлік.
Тікелей басшысының лауазымы: Даму жөніндегі басқарушы директор.
Өтемақы пакеті: жалақы мөлшері Компанияның штаттық кестесіне сәйкес белгіленеді, сыйақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Біліктілік талаптары:
- жоғары кәсіби білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалар бойынша мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде кемінде 2 (екі) жыл басшылық лауазымдарда, немесе
- жоғары кәсіби білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалар бойынша мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 4 (төрт) жыл, оның ішінде кемінде 1 (бір) жыл басшылық лауазымдарда және/немесе 2 (екі) жыл Компанияда/Компаниялар тобында немесе ұлттық холдингтерде, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық компанияларда жұмыс өтілінің болуы;
- лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімдер мен құзыреттерді білу.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын білу: Конституция, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң, «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Заң, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» Заң, «Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, жою (жою арқылы), кәдеге жарату, көму және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалға (жалға алу) беру қағидалары» және т.б.;
- мемлекеттік тілді еркін меңгеру;
- дербес компьютерді сенімді пайдалану, «eGov», «e-Otinish» ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
- аналитикалық ойлау, деректердің үлкен көлемін талдай білу, шешімдерді дербес қабылдау қабілеті, іскерлік хат алмасу дағдылары;
- коммуникативтік дағдылар, келіссөздер жүргізу қабілеті, командада жұмыс істей білу, тиімді ішкі өзара іс-қимыл.
Жұмыс шарттары:
Жұмысқа қабылдау нысаны: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты
Жұмыс кестесі: аптасына 5 күндік жұмыс, жұмыс уақыты сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін
Еңбек демалысы: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы
Әлеуметтік пакет: Медициналық сақтандыру
Байланыс телефоны: 8 (7172) 72-52-52 (ішкі 1124, 1135)
Түйіндемені ok@ke.kz электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.