Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Әкімшілік және ұйымдастыру жұмысы департаменті Кадрлар бөлімінің бас менеджері

Функционалдық міндеттері:

  • әкімшілік-басқарушы персонал (ӘБП) қызметінің тиімділігін бағалау циклін үйлестіреді және сүйемелдейді (Компанияның уәкілетті органының ӘБП мақсаттарының карталарын келісуін және бекітуін, қызметтің тиімділігін бағалауды және уәкілетті органның /Компанияның лауазымды адамының сыйақы /сыйлықақы төлеу /төлемеу мәселесін қарауын қамтамасыз ету);
  • Компанияның Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің сандық құрамы, өкілеттік мерзімі, сайлануы (тағайындалуы) мәселелері бойынша материалдар дайындау, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметкерлердін (ІАҚ, Корпоративтік хатшы, комплаенс-офицер, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет басшысы және т.б.) өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын айқындау, олардың өкілеттіктерінің мерзімдерін мониторингілеу
  • Компания қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын және оларға қосымша парақтарды есепке алу, сақтау, жүргізу;
  • Компанияның стратегиясы мен бизнес-жоспарына сәйкес Компанияның кадр саясатын, сондай-ақ іздеу, іріктеу, біліктілік, бейімдеу, оқыту, дамыту, тәлімгерлік, кадр резерві, бағалау, уәждеу, еңбекақы төлеу және Компания қызметкерлерінің сыйақысы рәсімдерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді және өзектендіруді қамтамасыз етеді;
  • Компанияның консультативтік-кеңесші органдарының жұмысын, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
  • Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарында (бұдан әрі - ЕТҰ) персоналды басқару рәсімдерін енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсету, үйлестіру;
  • ЕТҰ-ны ақпараттандыру, мәселелерді түсіндіру және персоналды басқару саласында бірлескен практикалық шешімдер әзірлеу;
  • тікелей басшының және Компания басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды;
  • Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өзге де функциялар; 

Білімге қойылатын талаптар:

  • психология, құқықтану, экономика саласындағы жоғары кәсіптік білім (магистр дәрежесінің болғаны жөн);
  • мемлекеттік, орыс тілдерін білу және ағылшын тілін білгенін жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

  • кемінде 5 (бес) жыл (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда), оның ішінде Компанияда кемінде 1 (бір) жыл немесе Компанияда/ ұлттық компанияларда 2 (екі) жыл жұмыс істеген.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы заңнаманы, Компания Жарғысын, Компанияның корпоративтік басқару кодексін, Іскерлік этика кодексі және басқалар;
  • персоналды тарту, ұстап қалу және уәждеудің халықаралық тәжірибелерін білу;
  • қарым-қатынас, презентация және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, басқаларға әсер ету қабілеті, келіссөздер жүргізу қабілеті, клиент бағдарлау, дамыған көшбасшылық қасиеттер;
  • ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеудегі тәжірибе мен дағдылар;
  • деректердің үлкен көлемін талдай білу, шешім қабылдау қабілеті, іскерлік жазу дағдылары;
  • MS Office бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары;

Түйіндемені электрондық пошта арқылы жіберіңіз ok@ke.kz

Сіздің кандидатураңызды қарастыру үшін белгіленген нысанда түйіндемені толтыруыңыз керек, оны осы жерден  жүктеп алуға болады.

Кері қайту