Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ Бас директоры

Біліктілік талаптары:

  • экономика және қаржы саласындағы және/немесе заң және/немесе техникалық салалардағы жоғары кәсіптік білім, "Іскерлік әкімшілік ету магистрі" ғылыми дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімінің болғаны жөн;
  • ұйымның тиісті бейінінде экономикалық қызмет түрінде басшылық лауазымдарда кәсіби жұмыс тәжірибесінің кемінде 5 жыл болуы;
  • қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет тілдерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін электрондық (түсті скан) және/немесе қағаз жеткізгіштерде қажетті құжаттар тізбесі:

  • белгіленген нысандағы түйіндеме (үлгі);
  • білімі туралы құжаттар (сондай-ақ ғылыми дәрежесі, лицензиялары және / немесе патенттері, куәліктері, сертификаттары болған жағдайда);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
  • соттылығының жоқтығы туралы анықтама / мәліметтер;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы анықтама / мәліметтер;
  • "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан анықтама / мәліметтер;
  • "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан анықтама / мәліметтер;
  • кандидат бұрын жұмыс істеген ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан ұсыным хаттар (болғаны жөн);
  • ұйымды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстары бар мотивациялық хат (болғаны жөн). 

Құжаттарды ұсыну мекен-жайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12А ғимарат, электрондық мекенжайы: ok@ke.kz

Конкурсқа қатысушылардан құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Үміткер өзі ұсынатын ақпараттың дәлдік пен дұрыстығы үшін толық жауап береді.

Үміткер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты өзі туралы қосымша ақпарат беруге құқылы.

Кері қайту